Конституция күні құтты болсын!

Құрметті достар!
Сіздерді шын жүректен Конституция күнімен құттықтаймын. Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы. Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!
Құрметті достар!
Сіздерді Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Қазақстанның біртұтас халқын үдемелі дамытудың іргелі қағидаттарын жариялай отырып, еліміздің Басты Заңы уақыт сынынан сүрінбей өтіп, өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Осының арқасында Қазақстан бүгінде халықаралық қоғамдастықта лайықты орынға ие болып отыр. Әрбір азамат Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, жеке өзі және өзінің отбасы үшін де маңыздылығын терең түсінеді.
Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Бірлігіміз және Тұрақтылығымыз нығая берсін. Сізге және сіздің жақындарыңызға денсаулық, ортақ үйімізге бейбітшілік пен амандық тілейміз!



